Мемлекет басшысы "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамының бас директорын қабылдады

"Мемлекет басшысы біздің еліміздің ғарыш саласын дамытуға аса зор маңыз береді",- деді Т.Мұсабаев журналистерге арналған брифингте.

"Қазір біз ғарыш саласын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асырудамыз, сондай-ақ 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу жүріп жатыр. Осылайша, Қазақстан ғарыштық державалардың қатарына қосылу үшін қарышты қадам жасауда",- деді кәсіпорын директоры.

Т.Мұсабаев отандық ғарыш саласын дамытуда Қазақстанның алғашқы қадамдарды жасағанын атап өтті. "KazSat-1" ғарыш аппараты ұшырылды - бұл отандық ғарыш саласын дамытудағы аса маңызды оқиға болып табылады. Бірқатар басқа да жобалар жүзеге асырылуда: "Бәйтерек" зымыран-ғарыштық кешенін және "Есіл" авиациялық кешенін құру, Байқоңыр ғарыш айлағында арнайы конструкторлық бюроны құру жұмыстары атқарылды", - деді Т.Мұсабаев журналистерге арналған брифингте.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті