Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Бангладеш арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппудың жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Бангладеш халқына құт-береке тіледі.