Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағының өкілдерімен жүздесті

"Атамекен" одағының үйлестіру кеңесінің мүшесі Ержан Ахмедьяров мемлекет басшысын облыстық кәсіпкерлер форумының қорытындысынан хабардар етті. Бұл форумда Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер кеңесін құруға шешім шығарылып, жиынға қатысушылар кәсіпкерлердің ар-ұждан кодексін қабылдаған болатын.

Батыс Қазақстан облысында жеке кәсіпкерлікпен шұғылданатын 22 мың шағын және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Оларда облыстағы экономикалық белсенді тұрғындардың 14 проценті еңбек етеді. 2004-жылы бұл кәсіпорындар бюджетке түсетін салық түсімдерінің 13 процентін қамтамасыз етті.