Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды

Мемлекет басшысы "Лицензиялау туралы", "Ақпарататндыру туралы", "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру мәселелері туралы заң актілеріне толықтырулар енгізу туралы" заңдарға қол қойды.

Сонымен қатар президент ҚР " Алматы хореографиялық училищесінің білім беру кешеніне арналған жабдық алу" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония үкіметінің грантын тарату туралы ҚР және Жапония үкіметтері арасындағы нотамен алмасу түріндегі келісімді бекіту туралы", " Қазақстан республикасының аумағында Еуразиялық банктің болу шарттары туралы Қазақстан үкіметі мен Еуразиялық даму банкі арасындағы келісімді бекіту туралы" ҚР заңдарына қол қойды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті