Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды

Атап айтқанда, баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасымен шекаралас Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл, Талас, Шу облыстарының аудандарында және Қырғызстан Республикасымен шекаралас Қазақстан Республикасының Алматы, Жамбыл облыстарының аудандарында үшінші мемлекеттердің азаматтарына берілетін Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының туристік визаларын өзара мойындау жөніндегі Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қырғызстан Республикасының үкіметі арасындағы келісімді ратификациялау туралы" және "Есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық кодекстеріне және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.