Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы заңнаманы жаңадан қабылданған «Пошта туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сондай-ақ, Елбасы мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымын реттеуді жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң мәтіндері баспасөз беттерінде жарияланады.