Мемлекет басшысы: Біз әлемге жаңа Қазақстанды танытуымыз қажет

және индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылу барысына арналған жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Жапония  - күншығыс елі, Корея - таңғы шық елі, Нидерланды - қызғалдақтар елі. Қытай - аспан асты елі.  Біздерге бұл да жетіспейді. Қазақстан  - ұлы дала елі. Ұлы дала, мәңгілік зеңгір көк аспан. Біртұтас түс біздің елімізді біріктіре түседі», - деді Елбасы.

Сонымен бірге Мемлекет басшысы бүгінгі таңда жаңа Қазақстанды әлемге таныту қажеттігін баса айтты.


«Біз - ұлы дала перзенттеріміз. Біз тек көшпенділер ғана емеспіз. Дәл осы ұранмен, осы жаңа брендпен біз әлемге жаңа Қазақстанды танытуымыз қажет. Бұл үшін мен индустрияландыру, жаңа экономикалық саясат, 5 институттық реформа идеяларын ұсындым», - деді Н.Назарбаев.