Мемлекет басшысы Болгария Президентін Азат ету күнімен құттықтады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Президенті құттықтауында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевтің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі.