Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банк президенті Роберт Зелликті қабылдады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кездесуде Дүниежүзілік банк пен біздің еліміздің бірлескен жобалары талқыланған. Мемлекет басшысы Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғаннан бергі кезеңдегі Дүниежүзілік банктің айрықша рөлін атап көрсетті.

"Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастық әрқашан жоғарғы деңгейде болған. Екі жақты қатынастар басталғалы бері біз қаржылық жүйе, мемлекеттік басқару, әлеуметтік сала үшін жалпы көлемі 2 млрд АҚШ долларынан асатын 24 қарыз алдық", - деді Н. Назарбаев.