Мемлекет басшысы елдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға байланысты бірқатар міндеттерді алға қойды

"Әлемдік беталысты ескере отырып, азық-түлік кешені экономикамыздың жоғары табысты саласы болуы қажет ", - деп атап өтті Н. Назарбаев. "Экономиканың жаңа даму сатылары агроөнеркәсіп кешені алдында жаңа міндеттер мен талаптарды қойып отыр", - деді ол.

Президент атап өткеніндей, "мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет". "Ол үшін тамақ өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығына тартылатын инвестициялар мөлшерін көбейту керек. Сондай-ақ, ол атап өткеніндей, "аса маңызды азық-түліктерді шығаратын өндірістерге назар аударып, оларға қолдау көрсету керек", оның қатарында өсімдік майы, қант, жеміс-жидек, көкөніс бар.

Мемлекет басшысы айтқанындай, сондай-ақ "өнімдерді экспортқа шығаратын ауыл шаруашылық секторларын нығайту керек". "Негізінен, Каспий, Қара теңіз бен Қытай бағытындағы айлақтар арқылы тасымалданатын бидайдың экспорттық арналарын кеңейту керек", - деді Н. Назарбаев.

"Мал шаруашылық саласының да үлкен экспорттық мүмкіндіктер бар. Осыған орай, қосымша шаралар ретінде мал дәрігерлік жүйесін халықаралық стандарттарға көшіру қажет", - деп атап өтті президент.

Мемлекет басшысы жалпы үкіметке "барлық деңгейде ауыл шаруашылықты жүйелі түрде қолдайтын шараларды қабылдауды тапсырды".

Президенттің сөздері бойынша, Қазақстан соңғы бес жылда аграрлық секторды дамыту жолында әжептеуір жетістіктерге жетті. Мәселен, 2002 жылдан бері ауыл шаруашылығының жалпы өнімі екі есеге, инвестиция мөлшері үш есеге өсті.