"Біз еліміздегі барлық саяси партияларды Отанымыз бен халқымыздың игілігі үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырамыз", - деп мәлімдеді билеуші партияның жетекшісі.
"Өкінішке орай, өткен парламент сайлауында қалған партиялар жеті проценттік кедергіден өте алмады, бірақ одан трагедия жасамай -ақ қояйық: әлем тарихында бір партиялы бола тұра, айрықша тиімді болған парламенттерге мысал жетерлік", - деді Н. Назарбаев.
Президент бұған дейін өткен екі парламент сайлауында да президентті жақтайтын "Отан" партиясының іс жүзінде "парламенттегі абсолюттік басымдыққа ие болғанын" еске салды. "Ол жүзеге асырған экономикалық даму, қоғамдағы әлеуметтік ахуал, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру саясаты одан әрі жалғасын табады, халықтың өзі бізге осындай мандат берді", - деп атап көрсетті президент.
"Осынау 1999-2007- жылдар аралығы еліміздің қарыштай даму жылдары болды, мен қазір де парламент іс-қызметінің тиімділігіне ақау келмейді деп сенемін, мен парламенттегің басымдыққа ие партия ретінде "Нұр Отан" Қазақстан халқының өзіне артқан сенімі мен жауапкершілігін ақтайды деп сенемін", - деп қорытты Н.Назарбаев. "Біз сайлау науқаны барысында оппозиция тарапынан айтылған конструктивті ұсыныстарды міндетті түрде ескеретін боламыз, біз басқа партиялар үшін дауыс берген еліміз азаматтарының мүддесін де қорғайтын боламыз", - деп сендірді президент.
"Елімізде барлық саяси күштердің жігері мен жұмысын жұмылдыратын тауқыметтер жетерлік, сол себепті біз өз күш-жігерімізді талап етілетін тұстарға қарай бағыттайтын боламыз", - деп қорытты мемлекет басшысы.