Баспасөз қызметінің хабарлауынша, парламент мәжілісінің депутаты Серік Әбдірахманов өз округіндегі жағдай туралы әңгімелеп берді, сондай-ақ ауыл экономикасын және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға қатысты өзінің көзқарасын білдірді.
Парламент сенатының депутаты Өмірбек Байгелдімен болған кездесу кезінде елді саяси жаңарту мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы сондай-ақ "Руханият" партиясының төрайымы Алтыншаш Жағанованы қабылдады. Кездесу барысында ұлттық мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері, сондай-ақ елдің одан әрі дамуындағы шығармашыл зиялы қауым өкілдерінің рөлі талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті