Мемлекет басшысы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады

"Министр әлеуметтік қамтамасыз ету және қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғау саласындағы президент тапсырмаларының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады", деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында. Министр қазіргі кезде министрлік, жұмыс берушілер мен еңбек ұжымдары арасында құны 37 миллиардтан астам теңгені құрайтын 800-ден астам әлеуметтік әріптестік туралы меморандумдарға қол қойылғанын атап өтті.

Сондай-ақ кездесу барысында көші-қон және кәсіби кадрлар даярлау мәселелері талқыланды.

Президент сондай-ақ Ақордада елорданың 10 жылдық мерейтойын атап өтуге дайындық мәселелері жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді. Қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мемлекет басшысына бірқатар нысандар құрылысының барысы туралы, қаланы абаттандыру мен безендіру жайы және мерейтойлық шаралар бағдарламасы туралы баяндады.