"Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі, сондай-ақ Қазақстан ғылымының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі Серік Смайылұлы Қирабаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы - "Отан" орденімен,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті "Экология және география" ғылыми-әдістемелік орталығының жетекшісі Әлия Сейсенқызы Бейсенова "Парасат" орденімен марапатталсын",- делінген құжатта.
Жарлыққа 29-наурызда қол қойылған. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті