Caravan Logo

Мемлекет басшысы Goertek өндіріс кешенінің жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Goertek өндіріс кешенінің жұмысымен танысты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Компания акустика, оптика, микроэлектроника, прецизиондық конструктивті детальдар, интеллектуалды құрал-жабдықтар, виртуалды және толықтырылған шынайылық технологиялары қолданылатын құрылғылар, ақылды гарнитуралар, ақылды тұрмыстық техникалар және басқа да жоғары технологиялық құрылғылар мен өнімдер секілді электрондық және прецизиондық конструкторлық компоненттер әзірлеуге және өндіруге маманданған.

Қазіргі кезде Goertek компаниялар тобында 100 мыңнан астам адам еңбек етеді. Кәсіпорынның жылдық орташа табысы 2,8 миллиард долларға жетеді.


Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді аралап, өнім шығару процесімен, сондай-ақ кәсіпорында қолданылатын технологиялармен танысты.