Caravan Logo

Мемлекет басшысы Грекия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Грекия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Президент Астана мен Афина арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген көпқырлы ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтті.

Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында елдеріміздің серіктестігі болашақта да ұдайы нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия Президенті Константинос Тасуластың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас грек халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.