Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Ақорда мәлімдегендей, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады.
«Қазақстан Президенті Ирак мемлекеті мен халқының жарқын келешегін қамтамасыз етуге бағытталған Низар Амидидің бастамаларына сәттілік тіледі», - деп хабарлайды Ақорда.
Сондай-ақ екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.