Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ortcom.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иран халқына құт-береке тіледі.