Мемлекет басшысы Ислам конференциясы ұйымының бас хатшысымен былайғы ынтымақтастықтың жайын талқылады



"Конструктивті диалог болып, өзара пікір және идея алмасуға мүмкіндік туды. Біз Қазақстан мен өзіміздің ұйым арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайын талқыладық", - деді Ислам конференциясы ұйымының бас хатшысы Қазақстан президентімен келіссөздерден кейін өткен брифингте.

"Қазақстанның біздің ұйыммен антымақтастықты толық қолдап, оны дамытуға белсенді үлес қосып отырғанына мен бақыттымын", - деді Э. Ихсаноғлы.

Ислам конференциясы ұйымының бас хатшысы өзінің бұл Астанаға алғашқы ресми сапары екенін атап өтті. Ол сондай-ақ, бүгін Қазақстанның Елордасында "Ислам өркениеті Орталық Азияда" атты халықаралық ғылыми конференция өтетінін еске салды.