Caravan Logo

Мемлекет басшысы ҚХА төрағасының екі орынбасарын тағайындады

Мемлекет басшысы ҚХА төрағасының екі орынбасарын тағайындады

Бұл туралы Ақорданың Telegram-каналында жарияланған ресми мәлімдемеде айтылған.

"Мемлекет басшысының өкімдерімен Расул Сурмалиевич Ахметов және Дмитрий Валерьевич Останькович Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары қызметінен босатылды.