Мемлекет басшысы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында көп балалы аналарды марапаттады

"Алтын алқа" Теміртаулық Ұлболсын Ахметова мен Қарағанды облысынан келген Дариға Итбаеваға табыс етілсе, Астаналық Күлжәмила Тайманова мен Ақмола облысынан Фаина Хашиева "Күміс алқа" тағынды.

Әйелдер "Қазақстандық әйелдердің саясаттағы, бизнестегі және әлеуметтік саладағы ролі" атты "дөңгелек үстел" барысында марапатталды.

"Дөңгелек үстел" барысында сондай-ақ гендерлік саясаттың қырлары, әйелдердің саясаттағы, бизнестегі және әлеуметтік саладағы ролін арттыру, мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыру, соның ішінде ана мен баланы әлеуметтік қорғау жөніндегі бөлігін жүзеге асыру жайы талқыланды.

Кездесуді ашқан Елбасы Қазақстанның барлық әйелдерін Халықаралық әйелдер күні - 8-наурызбен құттықтап, әйелдердің елімізді дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін ризашылық білдірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті