Мемлекет басшысы "КНАУФ Гипс Қапшағай" атты гипсокартон өндіретін зауытта болды

2001 жылдың шілде айында бұл өндірісті немістің "Кнауф" фирмасы сатып алған. Осы компаниялар тобына әлемнің 40-тан астам еліндегі 150 зауыт енеді. "КНАУФ Гипс Қапшағай" ЖШС директоры Александр Ефименконың айтуынша, "зауыт техниканың озық үлгілерімен жабдықталған. Құрал-жабдықтар Германия, Швейцария мен Италияда өндірілген. Ол әлемдік стандарттарға сай келеді және Германия, АҚШ пен Италиядағы зауыттардан айырмашылығы жоқ".

Зауыт жылына 32 млн шаршы метр гипсокартон шығара алады. 2008 жылға дейін өндіріске салынған жалпы инвестициялар көлемі 32 млн евроны құрады. Кәсіпорын Қазақстандағы сұранысты қамтамасыз етіп, өнімдерінің 20% Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстанға шығарады.

Кәсіпорында 258 адам жұмыс істейді.

Сонымен бірге, ағымдағы жылдың тамыз айында жылына 60 мың тонна өнім шығаратын құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру цехы пайдалануға беріледі. А. Ефименконың айтуынша, бұл өндіріске 3,5 млн евроның инвестициясы жұмсалды.