Мемлекет басшысы: мемлекеттік қызмет пен бизнесті шатастыруға болмайды

Бүгін Қазақстанның кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық "Атамекен" одағының басқармалары мүшелерімен кездесуде сөз сөйлеген президент Нұрсұлтан Назарбаев: "мемлекеттік қызмет пен бизнесті шатастыруға болмайды. Ал біздің елімізде бәрі қоян-қолтық араласып кеткен, кейбіреулер мемлекеттік қызметте жұмыс істей жүріп бизнеспен де шала-шарпы шұғылданып үлгереді",- деп мәлімдеді.

"Осындай құбылыспен күресіп, бұл салада тәртіп орнататын боламыз",- деді президент.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті