Баспасөз қызметінің хабарлағанындай, партия кеңсесінің ғимараты Астана қаласындағы "Сулы - жасыл-желекті бульвар" әкімшілік-тұрғын үй кешенінде орналасқан. Жалпы аумағы 16 580 шаршы метрді құрайтын он қабатты кеңсе ғимаратында 400 орындық конференц-зал, 160 орындық асхана, қоғамдық қабылдау бөлмесі, сондай-ақ парламентаризм институты мен орталық аппараттың барлық департаменттері орналасқан.
Партияның орталық аппараты жаңа ғимаратқа көшірілуде, қазірдің өзінде мұнда қоғамдық қабылдау өз жұмысын бастады.