Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін түске дейін Елбасы Қазақстандағы медициналық және өндірістік рентген аппараттарын шығаратын жалғыз өнеркәсіп "Ақтөберентген" акционерлік қоғамында болды.
Мұнда мемлекет басшысына КРФ-112 "Флюкар" жылжымалы рентген флюорографиялық сандық кешені мен КРМ-111 "Маммокар" рентген маммографиялық диагоностикалық кешені көрсетілді.
Содан кейін Елбасы құрастыру цехының көрме павильонына өтіп, онда аппараттардың түсіру мүмкіндіктері мен оларға арналған компьютерлік бағдарламалардың ерекшеліктерімен танысты.
Бүгін сондай-ақ президент Н.Назарбаев "Алатау" сауда, ойын-сауық кешенін аралап көрді. Аталған сауда кешенінің құрамында әлемдік стандарттар деңгейінде жұмыс істейтін кең танымал сауда белгілері желісінің супермаркеттері бар. Сондай-ақ ғимаратта шағын және орта бизнес кәсіпорындарының кеңселері орналасқан.
"Алатау" сауда, ойын-сауық кешені әлемдік стандарттарға сай салынған, өңделуі мен қызмет көрсету сапасы жоғары деңгейде.