Б.Байқадамов Қазақстан президентімен кездесу 3-наурызда өткенін хабарлады. Жалпы алғанда баяндама оң бағаға ие болды, бірақ, Н.Назарбаев бұл құжатта ахуалдың оңды тұстары тым аз көрсетілгенін атап өтті, деді омбудсмен. "Президент азаматтық қоғам құру бағытында жұмыс істеп жатқан құрылымдарды да атап өтуді тапсырды",- деді Б.Байқадамов.
Мемлекет басшысының пікірінше, баяндамада өлім жазасына мораторий жарияланғаны, алқа билер сотын енгізуге қатысты жұмыстарға жеткілікті назар аударылмаған. Б.Байқадамовтың айтуынша, мемлекет басшысы баяндамада "басқаларға сабақ болуы үшін" нақты заң бұзу оқиғаларының ар жағында нақты кім тұрғанын атын атап, түсін түстеп көрсету қажет деп пайымдайды.
Б.Байқадамовтың айтуынша, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баяндамасы қазір "баспаханада жатыр және ол міндетті түрле жария етіледі".