Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысына көшіп келген қазақтардың әлеуметтік бағыттағы тұрғын үй салу жөніндегі бастамасын қолдады

Бүгін президент Н. Назарбаев Шымкентте салынып жатқан "Асар" ықшамауданында болып, шетелден көшіп келген қазақтардың өз беттерімен салып жатқан құрылыстарының барысымен және әдістерімен танысты. "Біз шетелден келген қазақтардың осы құрылыс салу әдісін қолдаймыз және осындай пилотты жобаларды еліміздің басқа да облыстарында қолданысқа енгізетін боламыз", - деді президент.

Ықшамаудан салу жобасының аясында 2800 отбасын арзан баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған. Болашақ ауыл 300 гектар жерді алады, онда 1,7 мың коттедж салу жоспарланған. Жаңа баспананың бір шаршы метрінің құны $250 құрайды.