"Мен президентке Оңтүстік Қазақстан облысында қалыптасқан ахуалға қатысты, бірінші кезекте ВИЧ індетіне қатысты күрделі ахуалды еңсеру және Қауіпсіздік кеңесінің шешімдерін жүзеге асыруға қатысты ақпарат бердім. Ел президенті аталмыш қайғылы оқиғалардың құрбанына айналған балаларды емдеуге жан-жақты қолдау көрсету, барлық кінәлілерді жазалау, зардап шеккен балалар мен ата-аналарына бар мүмкіндіктерді пайдаланып қолдау көрсету, кәсіби дәрігерлерді шақырып, тиімді емдеу жөнінде қатаң тапсырма берді",- деді Ө.Шүкеев.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі сондай-ақ мемлекет басшысына обылс басшылығындағы жаңа тағайындаулар туралы баяндап берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті