Мемлекет басшысы Палестина Ұлттық әкімшілігі басшысының арнайы өкілі Ясир Аббасты қабылдады

Кездесу барысында Таяу Шығыс шиеленісін реттеуге қатысты мәселелер қаралды. Президент бұл проблеманы шешу үшін келіссөздерді жалғастыра беру қажеттігін атап өтті. Кездесу кезінде екі жақты ынтымақтастық пен Қазақстан және Палестина арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері жайында да әңгіме өрбіді.