"Парламент сенатына жаңа өкілеттіліктер беру, мәселен, өкілеттілігі мерзімінен бұрын аяқталуға байланысты мәжіліс жұмыс істемей қалған мерзімде парламенттің заң қабылдау функциясын атқару ұсынылған",- деді Н.Назарбаев.
Сонымен бірге президенттің айтуынша, Ұлттық банк төрағасының лауазымына ұсынылатын кандидатураны сенатпен келісу ұсынылған. "Мұндай көзқарас Ұлттық банктің ақша-қарыз саясатын жүзеге асырудағы дербестік принципіне сай келеді",- деді президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті