Caravan Logo

Мемлекет басшысы Пекиндегі ХХІХ Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған Илья Ильинге құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Пекиндегі ХХІХ Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған Илья Ильинге құттықтау жеделхатын жолдады

"Қымбатты Илья, - делінген жеделхатта, - миллиондаған қазақстандықтардың және тікелей өз атымнан тамаша жеңісіңмен құттықтаймын! Табандылық, мақсаткерлік, жоғары спорттық шеберлік және жеңіске деген жігерлілік көрсете отырып, сен бүкіләлемдік ойындарда Қазақстанды лайықты таныттың. Сенің аса көрнекті табысың біздің спорттың шежіресіне мәңгілік болып енеді".

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық атлетке денсаулық, бақыт және спорт әлемінде одан әрі табыстарға жетуді тіледі.