Мемлекет басшысы Перу Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кейко Фухимориді Перу Президенті қызметіне кірісуімен және осы елдің ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Президент Кейко Фухиморидің жауапты қызметіне табыс, ал Перу халқына құт-береке тіледі.