Мемлекет басшысы Қаржылық қадағалау агенттігіне банк жүйесі жағдайын мониторингілеуді күшейтуді тапсырды

"Президент Агенттіктің банк жүйесі жағдайын мониторингілеу жұмысын және агенттіктің институционалдық мүмкіндіктерін күшейтуге қатысты міндеттерді қойды. Сондай-ақ, тез арада Агенттіктің өкілеттілігін күшейтуге бағытталған заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігіне тоқталды", - деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Баспасөз қызметі хабардар еткендей, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрайымы Елена Бахмутова өз баяндамасында 2007 жылғы активтер мен БВУ кредит портфелінің өсу қарқыны біршама бәсеңдегені жөнінде және қаржылық тұрақтылықты бағалау жүйесін әзірлеуге қатысты агенттікпен қабылданған іс-шаралар жөнінде айтып өтті. "Агенттік төрайымының пікірінше, агенттік алдына қойылған міндеттерді шешу үшін осы органның функционалдық қызметін жүйелі түрде нығайту қажет", - деп көрсетілген хабарламада.