"Қазақ әліпбиін кирилицадан латынға көшіру мәселесіне қайта бетбұру қажет деп ойлаймын",- деді президент бүгін Қазақстан халықтары ассамблеясының кезекті 12- сессиясында.
Мемлекет басшысы бұл мәселенің "кезінде кейінге ысырылғанын" еске салды.
Ал қазір "латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие болды", деді ол. "Көптеген елдер, соның ішінде бұрынғы Кеңестік республикалар да латын қарпіне кездейсоқ көшкен жоқ",- деді Н.Назарбаев.
"Балаларымызға ағылшын тілін үйрету де латын әліпбиімен жүргізіледі, сол себепті, мен мұны қорқынышты деп санамаймын",- деді ол.
"Бірақ бұл мәселеде асығыстық танытпау қажет. Біз оның барлық қолайлы және қолайсыз тұстарын зерттеп шығуымыз керек. Орта мерзімді перспективада, мүмкін, кирилица қатар қолданылатын шығар",- деді Елбасы.
"Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныспен шығуға тиіс",- деді мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті