Мемлекет басшысы "Қазақатомөнеркәсібі" президентін қабылдады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, М. Жәкішев компания жұмысының нәтижелері және компания қызметін кеңейту перспективасы жөнінде мемлекет басшысына баяндады.

"Кездесуде жақында Францияда қол қойылған келісімдер және мемлекет басшысының алдағы Жапонияға сапары тұрғысынан "Қазақатомөнеркәсібі" компаниясының даму стратегиясы талқыланды. Қазіргі уақытта "Қазақатомөнеркәсібі" Жапония тарапымен жанармай элементтерін құрастыратын зауыт құрылысы бойынша жасалған келісімді жүзеге асыруға байланысты құжаттарды рәсімдеп аяқтады. "Қазақатомөнеркәсібі" компаниясының жанармай нарығындағы үлесін арттыру, оның реактор құрылысы нарығына шығуы жөніндегі жоспарлары қаралды", - деді М. Жәкішев журналистерге арналған брифингте.

"Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық институтының ректоры Шәмшә Беркімбаева институттың соңғы жылдардағы жұмыс нәтижелері жөнінде баяндады. Кездесуде жоғарғы білім беру жүйесінің, ауылдық жерлер үшін оқытушы кадрларды дайындаудың кейбір мәселелері талқыланды", - деп көрсетілген баспасөз баянында.