"Көптен бері шешімін таппай келген мәселе шешілді. Мен Қрығызстан мемлекет басшысы мен депутаттарға қазақ-қырғыз шекарасын делимитациялау жөніндегі келісімді бекіткені үшін ризашылық білдіремін. Бұл екі жақтың бір-біріне деген жоғары сенімінің белгісі", - деді Н. Назарбаев.
Президент сонымен бірге "Ыстықкөлдегі демалыс орталықтарын Қазақстанға беру мәселесінің оң шешім тапқаны үшін де ришалығын білдірді". "Мәселе шешімін тапқан соң біз енді Ұзынағаштан басталатын жолды сала бастаймыз, соның арқасында Қырғызстанға дейінгі жол 250 шақырымға қысқарады", - деді ол.
"Ыстықкөлге негізінен Қазақстандықтар барып демалады. Олар сол арқылы курорттың дамуына ақша салуда. Нәтижесінде Қазақстан Қырғызстан экономикасының дамуына септігін тигізіп отыр", -деді Н. Назарбаев.