Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды

Заң орта және шағын бизнесті, бәсекеге қабілетті экспорттауға бағдарланған өндірісті, жеке тұлғалар мен шағын бизнес субъектілерінің мүлігін ресмилендіру процесін жандандыру мақсатында салық заңнамасын жетілдіруге бағытталған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.