Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, заңға өзгертулер оны жаңартылған Конституцияға сәйкестендіру үшін қажет болған.
Президент сондай-ақ, "Биологиялық әртүрлілік жөніндегі конвенцияға қосымша биоқауіпсіздік жөніндегі Картахена хаттамасы" мен "Қылмыстық сот ісіне қатысушыларды қорғау жөніндегі келісім" халықаралық құжаттарын бекітетін заңдарға қол қойды, деп атап көрсетілген хабарламада.