кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Елбасы өз сөзінде Үндістан Премьер-Министрі сапары аясында өткен бизнес-форумның екіжақты ынтымақтастықты арттыруға қосымша негіз қалайтындығын баса айтты.
«Біз бүгін диалогқа дайын екендігімізді, көзқарасымыздың жаңа жолдарын іздейтіндігімізді кездесуде растадық. Екі арадағы қарым-қатынас, мұнай-газ, металлургия, тау-кен өндірісі, инфрақұрылым, банк, азық-түлік, электр энергиясы салалары туралы әңгімелестік», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен бірге Қазақстан Көшбасшысы Сәтбаев мұнай блогын барлау мақсатындағы бұрғылау жұмыстары Үндістан тарабының қатысумен басталғанын атап өтті.
«2015-2019 жылдары Үндістанға 5 мың тонна уран жеткізу жөніндегі келісімшарттарға қол қойылды. Бұл энергетика саласындағы ынтымақтастықтың жүйелі дамуының дәлелі болып саналады»,- деді Н.Назарбаев.