"Қазір біз Батыс Еуропа - Қытай жолын сала бастадық. Ол Қазақстан, Ресей, Еуропа мен Қытайды жалғастырады. Оның жолында үш ірі тарихи ескерткіш - Сарайшық, Отырар мен Түркістан қалалары болады. Сондықтан, қазір біз жұмыстарды нақты осы үш нысан бойынша жасап, содан кейін ғана басқа да шағын нысандармен айналыса бастауды құп көремін", - деп атап көрсетті президент.
"Әрине, біз жолдардан шалғай жатқан ескерткіштерді де сақтауға тиіспіз. Дегенмен, туристерге біз, бірінші кезекте, жолдарға жақын жатқан мұрамызды ашуға міндеттіміз", - деді ол.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы атап көрсеткендей, бұрын үстінен даңқты Ұлы Жібек жолы өткен аумақтардағы тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеп, жұртқа жариялауымыз керек. "Қазір барлығы Ұлы Жібек жолы жайында айтады. Біз туристерге осы жолдың Қазақстан аумағы арқылы өткенін көрсетуге тиіспіз", - деп атап көрсетті ол.