Мемлекет басшысы Қазақстанды өлім жазасы іс жүзінде алынған елге айналдыруды ұсынды

Президент бүгінгі таңда заңнамаға сәйкес аса ауыр қылмыс түрлері үшін өлім жазасы қарастырылғанын, бірақ мораторий жариялануға байланысты кейінгі 4 жылда оның орындалмай отырғанын еске салды.

"Конституциялық деңгейде өлім жазасын тек кісі өліміне қатысы бар лаңкестік қылмыстар мен соғыс уақытындағы аса ауыр қылмыстар үшін ғана қарастыруды ұсынамын",- деді Н.Назарбаев. Президент сол арқылы Қазақстанның "іс жүзінде өлім жазасы қолданылмайтын елге айналатынын" атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті