Мемлекет басшысы басқару пультінің түймесін басқаннан кейін өндіріс іске қосылды. "2005 жылдың 10 тамызында сіз бен біз өндірістің іргетасын қаласақ, бүгін міне, сіздерді тікелей құттықтау үшін өзім келіп отырмын", - деді ұжымның алдын сөз сөйлеген Н. Назарбаев.
"Бүгін ткек сіздердің ғана емес, барша қазақстандықтардың мерекесі. Сіздер үлкен ерлік жасадыңыздар", - деді ол.
Президент соңғы рет елімізде осындай ауқымдағы кәсіпорынның 20 жыл бұрын салынғанын атап өтті. "Павлодарда, қала берді тіпті Қазақстанда мұндай кәсіпорын болған жоқ", - деді Н. Назарбаев.
"Мен 30 корпоративтік көшбасшы туралы айтқанда, дәл осындай кәсіпорын туралы айтқан едім", - деді президент. Сонымен бірге Н. Назарбаев "алюминийге қашан да сұраныс бар және оның бағасы өсе түседі",- деді.
"Бізде глинозем бар, электр қуаты бар, енді міне, алюминий пайда болды", -деді президент.