Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімін қабылдады

Кездесу кезінде М.Құл-Мұхаммед Елбасына Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен проблемалары жөнінде, сондай-ақ озық жобаларды жүзеге асыру барысы туралы баяндады.

"Біздің өңірімізде алты озық жоба іске асырылмақ. Соның бірі "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасына енді" ,- деді әкім.
"Мен Елбасына әлемдегі бұрын-соңды болмаған үлкен экологиялық жоба - Сырдария өзенінің арнасын реттеп, солтүстік Арал теңізін сақтау жөніндегі жобаның бірінші кезеңінің аяқталғанын және екінші кезеңінде атқарылатын шаралардың жәй-жапсарын баяндадым. Елбасы нақты тапсырмалар берді. Олардың міндетті түрде орындалатындығына кәміл сенемін", - деді М.Құл-Мұхаммед журналистерге арналған брифингте.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті