Мемлекет басшысы Ресей, Италия және Ауғанстан елшілерінің сенімхаттарын қабылдады

"Ресей басшылығы Қазақстанмен арадағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға айрықша маңыз беруде",- деді рәсімнен кейінгі брифингте Ресей елшісі М.Бочарников.

"Қазірде екі ел арасындағы екі жақты қарым-қатынастар биік деңгейге көтерілді. Мәселен, өзара тауар айналымымыз кейінгі жылдары қарқынды өсті",- деді Ресей елшісі. "Біздің бағалауымызша, ағымдағы жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 12 млрд. долларға жетеді",- деді ол.

Елшінің пікірінше, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық бірінші кезекте экономика, энергетика, ғарыш саласы мен атом өнеркәсібі саласында қарқынды дамып келеді.

Қазақстан мен Италия арасындағы екі жақты қарым-қатынастың дамуына Италияның Қазақстандағы елшісі Бруно Антонио Паскуино да жоғары баға берді.

"Қазақстан президентімен кездесуде біз Италия бизнесінің ауылшаршуалылығы, жоғары технологиялар мен қызмет көрсету салаларына атсалысу мүмкіндіктерін талқыладық",- деді ол.

Елші сондай-ақ Италияның саяси және гуманитарлық салаларда Қазақстанмен екі жақты ынтымақтастық аясын кеңейте түсуден мүдделі екенін жеткізді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті