Мемлекет басшысы ресми сапармен Катар Мемлекетіне барды


Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

 Қазақстан Президенті сапар барысында Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен келіссөздер өткізеді. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Катар Мемлекетінің іскер және қаржы элитасы өкілдерімен кездеседі деп жоспарланып отыр.