Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасын қабылдады

О.Өксікбаев пезидентке кмитеттің 2006 жылы жүргізген тексеру іс-шараларының қорытындылары туралы баяндады. Кездесу кезінде сондай-ақ республикалық бюджеттің атқарылуы мен бюджет қаражатының тиімді жұмсалу мәселелері қаралды.

- Мемлекет басшысы Есеп комитетіне нормативтік базаны жетілдіруді және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жетілдіру тетіктерін күшейтуді тапсырды. Елбасы сондай-ақ қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру мәселелеріне де назар аударды, - деп хабарлады О.Өксікбаев.

Елбасы сондай-ақ жақында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы ттенше және өілетті ешісі болып тағайындалған Нұртай Әбіқаевты қабылдады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті