Кездесуде қордың ағымдағы жұмыстарына қатысты мәселелер мен алға қойылған міндеттер, сондай-ақ, президенттің тапсырмаларын іске асыру барысы туралы сөз болды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
«Президент «Самұрық-Қазына» АҚ трансформациялау бағдарламасын әзірлеу жұмыстарын қыркүйек айына дейін аяқтап, оны қордың корпоративтік органдарында талқылағаннан кейін үкімет қарауына беруі тапсырды», - делінген хабарламада.
Н.Назарбаев қор қарамағындағы орта және шағын компанияларды сату процесінің барынша әділетті және нарыққа лайықты бағаға сатылуы қажеттігін қадап айтты.