Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Akorda.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Президент ескерткішке гүл шоғын қойып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық кезінде құрбан болғандардың рухына тағзым етті.

Осы іс-шараға нәубет жылдары зардап шеккен отандастарымыздың жақындары мен туыстары қатысты.