"Бүгінгі күн - еліміздің дамуындағы аса маңызды сәттердің бірі. Мен өзімнің әріптестерім-партияластырымды, "Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясының мүшелерін, партиялардың жетекшілерін, облыс әкімдерін шақырдым. Біз саяси реформаларды тікелей іске асыра бастауға ден қойып, еліміздегі саясатты либерализациялауға қарай жаңа үлкен қадам жасағалы отырмыз",- деді кездесуді ашқан президент.
"Демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссия ұсынған бағыттардың 80 проценттен астамы қабылданып, қалған 20 процент бойынша біз тіптен алға жылжыдық. Бүгін біз өз арамызда ашық-жарқын әңгімелесеміз. Алдағы іс-әрекеттерімізді жан-жақты талқылауымыз қажет",- деді Н.Назарбаев. "Ертең парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Мен Қазақстан Республикасының Ата заңына енгізілетін бірқатар түзетулерді парламенттің талқысына ұсынбақшымын",- деді президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті