Мемлекет басшысы сенаттың сегіз депутатын тағайындады


Атап айтсақ, сенат депутаты болып Ғани Қасымов (Қазақстанның Патриоттары партиясының жетекшісі), Төлеген Мұхамеджанов (үшінші шақырылымдағы мәжіліс депутаты), Ғарифолла Есім (ҚазҰУ философия және политология институтының деканы), Болат Жылқышиев (Оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі), Оралбай Әбдікәрімов (президенттің кеңесшісі), Юрий Цхай (Қазақстан корейлері қауымдастығының президенті), Александр Судьин (президент әкімшілігінің маман жұмыстары жөніндегі бөлім меңгерушісі ) және Әділ Ахметов (ҚБТУ ректоры) тағайындалды.